Quantcast
Channel: Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті
Viewing all articles
Browse latest Browse all 801

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қағаз тасымалдағышта тапсыру мерзімі аяқталады

$
0
0

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер баскармасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша кезең-кезеңімен көшу басталғанын еске салады.

Бірінші кезеңде – 2021 жылдың 01 қаңтарынан  жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары (зайыптары);

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар  және олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар декларация тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары   үшін декларациялау;

Үшінші кезеңде – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары мен олардың жұбайларын, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын декларациялау;

Төртінші кезеңде – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапазаматтардың қалған категорияларын декларациялау.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі:

Қағаз тасымалдағышта – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

Электрондық түрде – 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Салық төлеушілер қандай есептілікті табыс етеді?

Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) табыс етіледі.

Кейіннен халық жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыратын болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov.kz) мобильді қосымшалары арқылы.

Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы.

Декларацияны тапсыру бойынша  БЕЙНЕ НҰСҚАУЛЫҚТАР eSalyq azamat мобильді қосымшасы арқылыhttps://youtu.be/85OGTjBc2NE
«Салық төлеушінің кабинеті» арқылы https://youtu.be/bR4rErVR2cQ.

Жалпыға бірдей декларациялау туралы толық ақпаратты kgd.gov.kz Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болады(басты  – қызметі – жалпыға бірдей декларациялау).

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 801

Latest Images

Trending Articles